Ақтөбенің бас дәрігері: Балалар апельсиннен жаппай уланып жатқаны жайлы ақпарат жалған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде WhatsApp желісі арқылы «апельсиннен уланды» деген ақпарат тарап кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желі арқылы бейтаныс адамның: «Мандарин, апельсин жемеңдер. Ақтөбеде мандарин, апельсиннен балалар өліп жатыр» дегені жазылған хабар келді.

«Балалардың ауыз қуысы уылып, жара болып, инфекциялық аурухананың іші науқасқа толды» деген хабарлама көпшілікке тарап кетті. Бұл хабарламадағы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев жоққа шығарды.

«Балаларды емдейтін екі ауруханаға хабарласып, жағдайды білдім. Жаппай уланып, ем іздеп келген бала жоқ. Бұл жалған ақпарат»,- деді Р.Исаев.


Соңғы жаңалықтар