Ақтөбенің бас даңғылында көлігімен қарсы бағытқа шығып жүйткіген жасөспірім ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында қарама-қарсы бағытқа шығып, көлігімен жүйтки жөнелген жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен видеодан Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылын анық көруге болады. Бұл видеоны полиция қызметкерлері дереу назарға алып, тексеру жүргізді.

«17 жастағы жасөспірімнің аты-жөні анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бабы аясында хаттама толтырылды. Айыппұлды ата-анасы төлейді. Бозбаланың жүргізуші куәлігі жоқ», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар