Ақтөбенің барлық ауданына туристік маршрут әзірленді

None
None
АӨТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ішкі туризмді дамыту мақсатында барлық ауданға арнайы маршрут әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде әр ауданның табиғи, тарихи, археологиялық және экономикалық ерекшеліктеріне қарай маршрут әзірленді. Ішкі туризмді дамыту мақсатында арнайы ақпараттық тур ұйымдастырылды.
«Қобда ауданы - Әлия Молдағұлова туған жері. Әлия ауылында патриоттық клуб бар, Бұлақ ауылында батырдың аллеясы жайқалып тұр. Сонымен бірге экотуризмді дамыту мақсатында шаруашылық басшысы бие сауу, саумал дайындауды көрсетіп, қонақ қабылдауға дайын. Ойыл ауданында Барқын құмы мен қарағай тоғайы бар. Жібек жолы торабындағы Көкжар жәрмеңкесі, ақ тарының атасы Шығанақ Берсиев өмірге келген жер көрсетіліп, әлем рекорды туралы айтылады. Мәртөк ауданының табиғаты тамаша. Онда марал шаруашылығы жақсы дамыған. Аудандағы тауарлы-сүт фермасына да баруға болады. Хромтау - өндірісті аудан. Мұнда Дөң кен өндіру комбинаты жұмыс істеп тұр. Туристерге шахтадағы өмір көрсетіледі. Алға ауданында Тама Есет батыр кесенесі бар. Қарғалының да табиғаты керемет. Жалпы 6 ауданға сапар кезінде көпшіліктің шын қызығатынын білдік. Бұл жерлерді танымал ету жұмыстары жалғасады», -деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.
Ішкі туризмді дамытуға инфраққұрылым қолбайлау болып тұр. Көп жерде жол жоқ.
«Туристік жерлерде жатын орын, қонақтарды күту, таныстыру қарастырылмаған. Соған қарамастан біз маршрутты биыл бекітіп, келер жылы адамдардың сапарына жағдай жасамақпыз. Аудандарға бару шамамен әр адамға 8 мың теңгеден басталады. Тасымалдау, сақтандыру, жеңіл тамақтану ұйымдастырылады. Ал атқа мініп, саумал ішу секілді қосымша қызметке туристер бөлек ақша төлейді. Әрі бұл салада субсидия да қарастырылған», - деді Нұрхан Тілеумұратов.



Соңғы жаңалықтар