Ақтөбенің әкімі үкіметтік емес ұйымдарға ұсыныс жасады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі оңдасын Оразалин үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесті. Кездесуде бірнеше ұсыныс қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 600-ден астам коммерциялық емес ұйым тіркелді. Дегенмен қазір 200-ге жуық ҮЕҰ белсенді жұмыс істеп тұр, басым бөлігі облыс орталығында. Бүгін өңір басшысы Оңдасын Оразалин осы ұйымдармен кездесу өткізіп, бірнеше ұсынысты тыңдады.

«Үкіметтік емес ұйымдар - қоғамның проблемасын біледі, жаңашыл. Әр ҮЕҰ-ның өз саласы, мақсаты бар. Аудан, ауылды аралап, кездесу өткізген уақытта бірнеше сұрақтар да қойылды. Мәселен, 5-6 баласын бағып жүрген адамдар күнделікті нәрседен бейхабар болып шығады. Егер олардың сұрағына жауап берсе, мәселе заңды тұрғыдан шешіліп кетеді. Сонымен қатар оларды жұмысқа орналастыру үшін оқыту, кәсібін ашуға бейімдеу жолын қарастырған жөн. Коворкинг орталығын ашу ұсынысы бұрын қолдау тапты. Белсенді азаматтар осыны түсіндірсе, дұрыс болады», - деді Оңдасын Оразалин.

Коворкинг орталығында қай жерде қандай көмек берілетіні, бизнесті қалай бастауға болатыны түсіндіріледі. Яғни, аналар үшін бір орталықтан сұраққа жауап дайындалады.

Кездесу кезінде қоғамдық бірлестік өкілдері мүгедектерге көмек, онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарды қолдау, жануарларды күтіп, бағу, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, қала келбеті туралы сұрақтарын қойды. Ал Семей полигонының ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Қамысбаев өңір басшысы Оңдасын Оразалинге алғыс айтты.

null

«Семей полигонына қатысып, қаза болған ардагерлерге ескерткіш қою туралы ұсыныс 2008 жылдан бері айтылып келеді. Себебі, ардагерлердің отбасы мен жесірлері белгілі бір жерге барып, еске алып, гүл қоюды қалайды. Хаттың бірі облыс әкімі Оңдасын Оразалинге беріліп, тарихи-әлеуметтану комиссиясы құптады. Алдағы уақытта ескерткішке жер белгілеп, қаржы қарастырылатыны туралы хабар жетті. Біз ардагерлер атынан алғыс айтамыз», - деді ол.

Ақтөбе облысы бойынша Семей полигонында 11 мыңнан астам адам әскери міндетін орындады. Оның 300-ге жуығы мүгедек болып қалды. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин өткен жылы Нұр - Сұлтан қаласында Бейбітшілік қабырғасы орнатылғанын, кәсіпкерлер көмек бергенін, кезек Ақтөбе қаласының өзіне келгенін атап өтті.

Жиын кезінде «Ақтөбе облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Айгүл Дүйсенова ҮЕҰ-дың материалдық-техникалық базасы талапқа сай келмейтінін, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыста олардың техникалық мүмкіндігін көтеру қарастырылмағанын айтты. Әрі мемлекеттік тапсырысты бір реттік акция, шарамен емес, күн сайын өткізетін тиімді іске бағыттау ұсынылды.

null

Соңғы жаңалықтар