Ақтөбенің әкімі шіріген картопты сатылымға шығарғандардың кім екенін анықтамақ

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде тұрақтандыру қорындағы картоптың сапасы сынға ұшырап, облыс әкімі Оңдасын Оразалин журналистермен кездесуде өз ойын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында биыл тұрақтандыру қорына 1268 тонна картоп салынды. Оны сатып алуға 78 миллион теңге қаржы жұмсалды. Дегенмен тұтынушылар келісі 84 теңге тұратын картоптың сапасын сынады. Көбі бұзылған, шіріген.

«Бізде осындай мәлесенің туындағанына қарағанда жағдайды жеткілікті деңгейде бақылай алмадым деп ойлаймын. Мен де жауаптымын. Осыған жауапты қызметкер өзіне артылған жұмысты тиянақты атқара алмады, халықты сапалы картоппен қамтамасыз етуде салғырттық танытты. Қазір тексеру жүріп жатыр. Айтарым – саудада достық жоқ. Өзім де бір кездерді бизнесте жүрдім. Осы басқа, сөзі бөтен, кейде ісі басқа. Екіні екіге көбейткенде төрт бола бермейді. Бұл жағдай осыған ұқсас. Уәде басқа, ал сөредегі өнім басқа болып шықты. Кімнің кінәсі? Келісімшартқа қол қойған адамдар ма, жеткізушілер ме әлде өндіруші ме? Осыны анықтаймыз. Себебі қазір бәрі бір-біріне сілтеп, жауапкершіліктен қашып отыр. Біріншісі мен сапалы картоп тасымалдадым десе, екіншісі не әкелді, соны сатуға шығарғанын айтты. Менің ойымша әрқайсысында бір кілтипан бар. Тексеру нәтижесінен соң кәсіпкерге қатысты ісіне адал немесе жұмысына салғырт деген шешім шығарылады. Сондай-ақ облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-на қатысты шешімімді айтамын», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.


Соңғы жаңалықтар