Ақтөбенің 10 жетістігі: Димаш Құдайберген, жерлестер форумы, коттедждер мен таунхаустар...

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық сақталды. Биыл өнеркәсіп өнімінің өсімі 5 пайызды құрады. Өндіріс, құрылыс саласы қарқынды дамып, мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында әлеуметтік нысандар салынды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі күшейіп, ірі мәдени ошақтар пайлануға берілді. ҚазАқпарат Ақтөбе облысының 10 жетістігін тізбектейді.

Ақтөбелік әнші Димаш Құдайберген «I am singer» байқауында жүлдегер атанды

Қытайда өткен «I am singer» байқауында бағы жанған әнші Димаш Құдайберген әлемге қазақ атын танытты. Ол ІІ-орын алып, әлемнің атақты әншілерінің құттықтауын қабылдады.  Димаш Құдайберген Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ол 5 жасынан бастап музыка мектебіне барып, арнайы сабақ алды. Домбыра тартуды күйші, зерттеуші Жайлау Асылхановтан үйренді.  Ұстазы Марат Әйтімов әлемге таныла түсіп, одан тәлім алуды қалайтын студенттер саны артты.  Ал Димаштың фанаттары оның білім алған музыкалық коллджінде болып, ұстаздарымен танысты. Қазіргі кезде Димаш Құдайберген Қытайдағы қалаларды өзінің жеке концерттерін беріп жүр.

Әлемнің 21 елінен 300-ден астам ақтөбелік жиналды

Ақтөбе облысында «Туған жер» республикалық форумы өтті. Оған әлемнің әр түкпірінде жүрген 300-ден астам ақтөбелік қатысты. Форум аясында академик Жақсылық Досқалиев бастағын топ 12 жастағы қыздың бауырын ауыстыру отасын жасады. Ал әнші Димаш Құдайберген туған жерінде өткен форумға арнайы қатысты. Дегенмен фанаттарының жанында жүрген әнші рейстен кешігіп, ол арнайы чартерлік рейспен ұшып келді. 

ЭКСПО көрмесіндегі жаңа технологияны өндіріске енгізу жұмысы жүргізіледі

Ақтөбе облысы ЭКСПО көрмесінде көрсетілген жаңа технологияларды өндіріске енгізетін өңірлердің көшін бастады. Жоспар бойынша өндіріске озық технологияны енгізу үшін 43 миллиард теңге жұмсалады. Жобаларды қолданысқа енгізу кезінде Жапония, Германия, Финляндия, Израиль, Польша, Ұлыбритания, Словакия елдерінің жел мен күннен қуат алу жолдары өндірісте пайдалады.

Ақтөбе-Атырау тасжолының құрылысы басталды

Ақтөбе-Атырау тасжолын салу жұмысы 2018-2020 жылдары жүргізіледі. Жол құрылысы кезінде жергілікті материалдар пайдаланылады. Ақтөбе облысы аумағындағы 329 шақырымның 79 шақырымы І категориямен салынады. Ақтөбе-Атырау тасжолын тек жергілікті мердігерлер емес, Италия, Әзербайжан, Түркия, Корея елдерінің құрылыс компаниялары келді. Барлығы 3 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жол құрылысына қажетті қаржы Азия даму банкі мен Ислам банкінен алынды. 

Коттедждер мен таунхаустар

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында коттедждер мен таунхаустар салынды. Барлығы 194 коттедж бен 20 таунхаус пайдалануға берілді. Бұл үйлердің құрылысы кезінде жергілікті материалдар пайдаланылды.  Пәтер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде есепшоты бар, баспананың 30 пайызын төлей алатын және жер телімі кезегінде тұрған адамдарға  берілді.

Өнер орталығы мен Шығармашылық академиясы

Ақтөбеде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 1200 орынды Өнер орталығы салынды. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өңірде теңдесі жоқ ең үлкен мәдени ошақты сыйға тарту етті. Ал «ҚазХром» ТҰК» АҚ Шағырмашылық академиясын салып берді. Бұл академияда мектеп оқушыларына түрлі үйірмелер ашылған. Жаңа орталыққа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барып, өнерлі балалармен тілдесті. Ал Өнер орталығына облыстық филармония ұжымы қоныстанды. Мұндай мәдени шаралар жиі ұйымдастырылады.

Мемлекеттік-жекешелік серіктестік: мектеп, балабақша, емдеу және мәдени орталық

Ақтөбеде мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында бірнеше әлеуметтік нысан салынды. Хоккей модулі, Жекпе-жек сарайы, Офтальмологиялық орталық пайдалануға берілді. «Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығы өңірдегі ақын-жазушылар мен өнер адамдарының жиналатын, пікір алмасатын ошағыев айналады. 

Әлем чемпионатындағы жеңімпаздар: Мейрамбек Айнағұлов пен Есет Қуанов

null 

Мейрамбек Айнағұлов Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлде алды. Бұл Ақтөбенің спорт тарихында балуандардың ең үздік жеңісі болды. 59 келі салмақта 5 белдесу өткізіп, төртеуін жеңген балуанның арманы - Олимпиада чемпионы атану. Ал әлем чемпионатында самбодан алтын медаль алған Есет Қуанов дзюдоға ауысуы мүмкін екенін жасырмады. Жылдың үздік спортшыларын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтап , оларға пәтер мен автокөлік сыйға берді. 

Есет батырдың 350 жылдығы тойланды

null 

Биыл Есет Көкіұлының туғанына 350 жыл толды. Есет батыр Көкіұлы үнемі Әбілқайыр ханның қасында болып, ақыл-кеңесін берді, хан мен халық арасында дәнекер болды. Ақтөбенің Бестамақ ауылында батырға арналған ескерткіш ашылып, ас берілді. 

Ақтөбеде студенттерді тегін тамақтандыратын дәмхана бар

Ақтөбелік кәсіпкер Ербол Байжарқынов студенттерді тегін тамақтандыратын дәмхана ашып қойды. Мұнда студенттік билет арқылы тегін тамақтануға болады. Ас мәзірінде сорпа, етті макарон, шай мен қант, нан бар. Бұл асханада әр сенбі сайын студенттер жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, олардан бизнесті бастау жолын үйрене алады. «Өз тәжірибеңмен бөліс!» атты кездесу де тегін өтеді.

Соңғы жаңалықтар