Ақтөбеліктердің үйін Қыдыр ата аралап, Жарапазан айтылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбенің аудан, ауылында Наурыз мерекесі өтіп жатыр. Ауыл тұрғындары салт-дәстүрді жаңғыртып, Жарапазан айтты, жаппай Қара жорға биін биледі. Қыдыр ата бата берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы Қобда ауданында Наурыз мерекесі күні жастар мен балалар Жарапазан айтты. Ұлыстың ұлы күні қолына домбыра алған жастар ауыл ақсақалдарының үйін аралап, оларға ақ тілегін жеткізді. Ал жасы үлкен қобдалықтар ақ батасын беріп, балалардың қоржынына тәтті тамақтарды толтырып берді. Дәл осындай мереке Ойыл ауданында да өтіп жатыр.
null 

«Наурыз мерекесіне орай көшелер өзара сынға түсті. Ұмыт қалған салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында Жарапазан айтылды, жастарға Бастаңғы ұйымдастырылды. Аушадияр мерекесі де өтті. Яғни, Наурыз мерекесі мен үйлену тойы бір күнге сай келсе, сол күні жас жұбайларға тілек, арнау ретінде жыр айтылады. Осылайша мереке 14 сәуірге дейін жалғасып, біз үздіктерді марапаттаймыз»,- деді Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Шырақ Сәдуақасқысы.

Қарғалы ауданының тұрғындары Наурыз мерекесі күні Қара жорға биледі. Орталық алаңға жиналған қариялар мен жастар қатар тұрып, мың бұрала биледі. Бұл қатарға мектеп оқушылары да қосылды. Ал Шалқар ауданында Оқушылар сарайы ерекше қуаныш сыйлады. Ауыл тұрғындары Қыдыр атаның батасын алды.
null 

«Еліміз жаңа жылды қаңтардың бірінші жұлдызы деп танығанымен, халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша Ұлыстың ұлы күні - жыл басы. Аяз атаның қызығын қызықтап жүргеннен, өзіміздің ұлы мерекемізді ұлықтап, аңызға сенген қазағымыздың қамқоры, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, жарылқаушы Қыдыр бабаны насихаттау мақсатында бастама көтерілді»,- деді Оқушылар сарайының директоры Жанар Есенғосқызы.

Айта кетейік, ертең Ақтөбе қаласында бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп, қайырымдылық шарасы өтеді. Сонымен қатар, Қазақ халқына мың алғыс стелласы мен Тұңғыш Президент атындағы саябаққа бірнеше киіз үй тігіледі. 
null null 

Соңғы жаңалықтар