Ақтөбеліктердің салыққа берешегі 500 млн теңгеге жуықтаған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы халқының салыққа қарызы 500 млн теңгеге жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Жеке тұлғалардың салығына қосылған өсім 25 шілдеден бастап шегерілуі тиіс. Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес қарызы бар азаматтарға салықтық рақымшылық жарияланған болатын. Сәйкесінше бұл жеңілдіктер жер, мүлік және автокөліктің мемлекеттік төлемдеріне қатысты.

Айта кету керек, тек Ақтөбе облысы бойынша қарыз көлемі 500 милион теңгеге жуықтаған. Бірінші кезекте азаматтар көлік салығын елемейтін көрінеді. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ақтөбелік автожүргізушілер 221 миллион теңге қарыздар. Оның 64 миллионы - дер кезінде төленбеуіне сәйкес қалыптасқан өсім.

- 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, дербес шотта есептелетін өсімпұл сомалары есептен шығарылады. Сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңінде салық міндеттері бойынша туындаған берешек сомаға есептелген өсімпұл қарыз төленген жағдайда есептен шығарылады, - дейді Ақтөбе облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Қаламқас Бердібаева.

Соңғы жаңалықтар