Ақтөбеліктердің 97% жуығы халық санағына қатысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша 874 мың адам ұлттық санаққа қатысты. Бұл тұрғындардың 96,9% құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша барлығы 874 мың адам санаққа қатысса, оның 413 мыңы онлайн, өзгесі дәстүрлі түрде сауалнама сұрақтарына жауап берді.

«Ақтөбе қаласында халық санағы жақсы жүріп жатыр. Мұнда азаматтардың 101,2% сауалдарға жауап берді. Ал Қарғалы ауданында 101,1%, Байғанин ауданында 96,5% көрсетіп тұр», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.

Айта кетейік, елімізде онлайн халық санағының мерзімі ұзартылды.

«Ішкі көші-қонға байланысты кейбір мекенжайда тіркелген адамдар қазір қалада немесе басқа өңірде жүр. Бұл адамдардың нақты санын, олардың әлеметтік жағдайын білуге кедергі келтіріп тұр. Сондықтан іздестіру жұмыстары қатар жүріп жатыр», - деді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының басшысы Жолдасқали Беисов.


Соңғы жаңалықтар