Ақтөбеліктер елордаға Нұр-Сұлтан атауын беруді қолдады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өткен жиынға қоғамдық ұйым, қоғамдық кеңес, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ардагерлер, спортшылар, кәсіпкерлер, жастар, кәсіпорын өкілдері қатысып, Астана қаласына Нұр-Сұлтан атауын беруді қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратына елорданың Нұр-Сұлтан атауын қолдаған ақтөбеліктер жиналды. Шара барысында облыстық мәслихат депутаты, Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Амангелді Есіркепов, «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақов, «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубы» қоғамдық ұйымының төрағасы, ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаев, кәсіпкер, Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Алтынай Мұханова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Асылжан Бүркіталин Астанаға Нұр-Сұлтан атауын беруді қолдап, өз ойларымен бөлісті.
null

«Біз, ғасырлар тоғысында дүние есігін ашқан жас ұрпақ, шын мәнінде бақыттымыз! Тәуелсіз елде тұлға болып дамуға барлық жағдай жасалды. Қазіргі күні еліміздегі балалар мектепке дейінгі, мектептегі біліммен толық қамтылған. Мектеп түлектеріне алғашқы кәсіп игеру үшін тегін кәсіптік білім де беріледі. ЖОО жыл сайын бөлінетін гранттар саны да ұлғайып келеді. Әлемнің кез келген үздік оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасымен 10 мыңнан астам жас біліктілігін арттырды. Көптеген замандастарымыз мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жаңадан өз кәсіптерін ашты. Жастармен бірге жас мемлекетімізде өсті. 30 жылдың ішінде Қазақстан әлемдегі кез келген мемлекетпен терезі тең тұратын дәрежеге жетті. ЕҚЫҰ мен Ислам елдері конференциясында төрағалық еттік, әлемдік деңгейдегі ЕХРО көрмесін өткіздік, Сирия ахуалын шешуде маңызды рөлге ие болдық. Әлемнің бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы 50 мемлекетінің қатарына кірдік. Жоғарыда мен көрсеткен жетістіктің екі себебі бар! Ол талай қиындық болса да мойымай, жасымай өткен қазақ халқы және халықты басқарған тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Дәуірлер тоғысында тұтас мемлекетті аяғына тұрғызқан тұлға, жалғыз астананы ғана емес, елді қайта салған азаматқа елораданың атауын беру тарих алдындағы заңдылық пен барша халықтың борышы деп білемін! Ақтөбелік жастар Астана қаласы атауының өзгеруін қолдайды», - деді «Жас Отан» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиал төрағасы Асылжан Бүркіталин.

null null

Соңғы жаңалықтар