Ақтөбеліктер Елбасы мақаласындағы тапсырмалардың орындалуына ұсыныс білдірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға бағытталған бірыңғай республикалық күнінде басқосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық мүддені қорғап, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға, туған жердің мәдени-тарихи ескерткіштерін қайта қалпына келтіріп, қорғауға, патриоттық сезімді оятуға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала Ақтөбе халқына түсіндіріліп жатыр. Бүгін бірыңғай республикалық күнге орай Қазақстан халқы Ассамблеясында этномәдени бірлестіктер, қоғамдық келісім өкілдері, жастар бас қосты. Кездесуде ұсыныстар айтылды.

«Жастарымыз «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып жатыр. Алды білім алып келген-ді. Өкініштісі, олардың кейбірі туған тілінен қашықтап бара жатқан сынды. Туып-өскен атамекені туралы жеткілікті мағлұмат білмейді. Елбасы мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы осы үшін керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыстың бағытын көрсетіп, тапсырмалар да берді»,- деді халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жаңғабыл Қабақбаев.

null 

Оның айтуынша, мақаладағы тапсырмалар мен міндеттердің орындалуы ауылдар мен аудандар да талқыланды. Мәдени, тарихи ескерткіштерді қорғау, қалпына келтіру жұмыстары сол ауылдың ақсақалдары, аға буын естеліктері арқылы жинау ұсынылды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде болып жатқан тың өзгерістер мен елдің дамуына үлес қосатын саяси құжаттарға үнемі қолдау білдіреді. Ассамблея филиалы Ақтөбеде тұратын 90-ға жуық ұлттың басын біріктіріп отырған қара шаңырақ, берекелі ұйым. Біз Елбасының мақаласын этно-мәдени бірестік басшыларымен талқылап, ел пікірін білдік. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында елімізде білім, мәдениет, спорт саласында жаңғырулар болып, әлеуметтік бағдарламалар қабылданды. Мұның барлығы аз уақыт ішінде нәтижелі жүзеге асырылып, халықтың игілікті өмір сүруіне септігін тигізіп отыр. ҚХА мүшелері осы үнге үн қосып, еліміздің болашағының жарқын болуына, ел ішіндегі ауызбіршілікті кеңінен дамытуға үлес қоса береді»,- деді Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының секретариат меңгерушісі Бұлбұл Елеусінова. 

null

Соңғы жаңалықтар