Ақтөбеліктер демалыс және мереке күндері де вакцина салдыра алады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде демалыс және мереке күндері емханаларда егу бөлмелері жұмыс істейді. Тұрғындар кез келген уақытта вакцина салдыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлішісі.

Ақтөбе облысы бойынша бүгінге дейін барлығы 35 мыңға жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, оның 98,6% жазылды.

«Қазіргі кезде облыстағы инфекциялық стационарларда 24 адам ем алып жатыр. Оның 16-ы Ақтөбе қаласында. Жансақтау бөлімінде 4 науқас жатыр. Біреуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен бірге екі бала амбураторлық ем алып жатыр. Үш жүкті әйел стационарда», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, облысқа барлығы миллионнан астам вакцина жеткізілген.

Облыс тұрғындарының 363 мыңнан астамы бірінші компонентін қабылдады.

Ал 347 мыңнан астамы толық иммундау шарасынан өтті.

«Облыс бойынша 26310 адам ревакцинациядан өтті. Сонымен бірге 6534 адам Pfizer вакцинасын салдырды. Оның 4 мыңнан астамы жасөспірім болса, 510-ы жүкті келіншек. Ал өзгесі бала емізетін ана. Адамдар демалыс және мереке күндері де емханаға барып, вакцина салдыра алады», - деді Бекболат Ізбасаров.


Соңғы жаңалықтар