Ақтөбеліктер Астана тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы елордаға ауылшаруашылық өнімдері тиелген көлік керуенін жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Елордамыз Астананың 20 жылдығын тойлау аясында Ақтөбе облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі болып өтті.

Жәрмеңкеге Ақтөбе мен облыстың 12 ауданынан 20-дан астам ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындар қатысты.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына 62 тонна ет, 85 тонна картоп және көкөніс, 10 тонна сүт өнімдері, 5 тонна өсімдік майы, 3 мың тонна балық, жарты тонна бал, жарты тонна шұжық өнімдері ұсынылды. Тауарлардың бағалары Астана базарларынан 10-15% төмен. Өнімнің жалпы көлемі 200 тоннадан асты.

Шара Ақтөбе облысының әртістері, әншілері мен би ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен сүйемелденді.

Соңғы жаңалықтар