Ақтөбеліктер әскери техникалардың мұражайын тамашалады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Мереке күні ақтөбеліктер Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының мұражайын тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі әуе қорғаныс күштері әскери институты 1974 жылы ашылған. Оқу орнына 2003 жылы екі мәрте Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің есімі берілді. Ұшқыштар дайындайтын оқу орны бүгін әскери техникалардың ашық аспан астындағы мұражайын тамашалауға мүмкіндік жасады. Мұнда 16 техника көрмеге қойылған. Үшеуі тікұшақ, өзгесі ұшақ. Олардың арасында ауған соғысы кезінде пайдаланылған ұшақтар да бар.

«Мерекеге орай «Әскери техникалар» мұражайын тамашалауға мүмкіндік жасалды. Мұражай 1998 жылы ашылған. Мұнда ауған соғысы кезіндегі әскери техникалар қойылды. Балалар үшін бұл өте қызық. Кейде мамандық таңдауға осындай шаралар көмектеседі»,- деді Т.Билелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты.

null

Мұражайда әскери техникаларды, жүкті тасымалдайтын ұшақтар да бар. Мәселен, АН-12 әскери тасымалдау ұшағы Үндістандағы соғыста алғаш қолданылған екен. Салмағы 50 тонна болатын ұшақ бір мезетті 90 әскери қызметкерді немесе 60 десантшыны тасымалдай алады.

«Қала ішіндегі көрмені тамашалауға мүмкіндік туды. Бұл жерде ұшақтың түрі көп. Біз балаларымызбен келіп, ұшаққа мініп, ішіндегі техникалармен танысуға мүмкіндік алдық. Сонымен қатар, ұшақтардың техникалық мүмкіндіктері мен қызметі анық көрсетілген»,- деді қала тұрғыны Нұрлан Есенғұлов.

Мұражайда ауған соғысында қолданылған Су-17  ұшағы да бар. Сонымен қатар, МиГ-29, Су-24 секілді әскери ұшақтың түр-түрі қойылған. Мұражай Жеңіс күні де жұмыс істейді.

null

Соңғы жаңалықтар