Ақтөбелік жүргізушілер мүгедектерге арналған көлікпен емтихан тапсыруға мәжбүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыратындар сынақтан өте алмай жүр. Себебі көлік жарамсыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкерлері қоғамдық ұйым өкілдерімен бірігіп Ақтөбе қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын тексерді. Онда мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг жүргізілді.

«Автодромда «В» санаты бойынша практикалық емтихан тапсыру үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналып жабдықталған көлік құралы қолданылатыны анықталды. Әрі көлік бұзылып тұр. Онда педалі, қол тежегіші, автоматтандырылған датчиктері істен шыққан, төрт доңғалағы қисық. Сауалнама кезінде жүргізуші куәлігін алу үшін әр адам 2 600 теңге төлеп, автодромда емтихан тапсыруы тиіс екені белгілі болды. Дегенмен кейбірі 3 немесе 9 рет тапсырса да өте алмай жүр. Тәжірибелі жүргізушілердің өзі қиналып, сынаққан сүрінді», - деп хабарлады облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, департамент «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хат жолдап, қателіктерді жоюды ұсынды.

null

Соңғы жаңалықтар