Ақтөбелік жұмыссыздар бизнес бастауға мүмкіндік алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биыл 5 миллиард теңгеден астам қаржы игеріледі. Жұмыссыздар мен аз қамтылған отбасыларға басымдық беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша «Бастау бизнес» жобасымен 1 мыңнан астам адам кәсіпкерлік негіздерін оқиды. Оларға 88 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал ауыл мен шағын қаладағы тұрғындардың кәсіппен айналысуы үшін 3,8 миллиард теңге қарастырылған. Қалалар мен моноқалаларға 1,1 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беріледі. Қайтарымсыз ақшаны 420 адамға беру жоспарланған. Бұл үшін биыл бюджеттен 192 миллион теңге бөлінген.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкер арасында келісім болады. Грант алу кезінде салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеуде тұрған, «Атамекен» палатасы комиссиясынан оң шешім алған, бұрын грант, өзге де мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау болмаған адамдар таңдалады. Жаңа идеялар үшін 100 АЕК дейін ақша беріледі. Әрі биыл Елбасы тапсырмасымен жастарға, аз қамтылған, мүгедек бала асырап отырған отбасыға 200 АЕК дейін ақша беріледі», - деді Жәнібек Нағметқалиев.

Өңірлік шаруалар «Игілік», «Кәсіпкерлік», «Егінжай», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша несие алды. Сәуір айында қаржы республикалық бюджеттен түсті. Қаржы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры және Аграрлық несие корпорациясына бөлінді. Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржау Тұрғамбековтың айтуынша, қазіргі уақытта несие алуға 100- ден астам өтініш түсті, оның 32-сі мақұлданды. Бірақ қазір кәсіпкер боламын деген адамдардың алдынан екі үлкен мәселе шықты.

«Қазір екі адамның бірінде несие бар. Олар тұрмыстық техника, телефонды да несиеге алып, төлемей, уақытын өткізіп алып, несие тарихын бұзады. Ал кәсіп бастайтын кезде дәл осы үлкен кедергі болып тұр. Қазір Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, анықтама алуға болады. Ақпарат тегін беріліп жатыр. Соңғы екі жылды қарап, несие береміз. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының кепілге қойған мүлкінің құжаты дұрыс емес. Яғни, құжаттары жаңармаған, ескі, бір мекеме басшысы қолтаңбасын қойса, мөрін баспаған, мөрін басса, қолтаңбасын қоймаған. Оны қайта қалпына келтіру үшін архив жағалайды», - деді деді«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина.

Соңғы жаңалықтар