Ақтөбелік жұмысқа орналасу үшін 1 млн теңге беріп, алданып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында алаяқтық бойынша жыл басынан бері 900-ге жуық іс тіркелсе, оның жартысына жуығы интернетке қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сатып алу, сату кезінде алданып қалушылар саны күн санап артып келеді. Биыл 896 іс тіркелсе, оның 301-і интернетте қызмет алу кезінде тіркелген.

«Қала тұрғыны маусым-шілде айында елордалыққа 1 миллион теңге аударып жіберген. Ол осы арқылы жұмысқа орналаспақ болды. Ақшаны екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасы арқылы аударған екен. Дәл осындай мысал көп. Мәселен, sayda.halykka.komek парақшасына бір тұрғын 35 900 теңге аударып жіберген. Жарнамада ақшаны екі еселеп алуға болатыны айтылған. Мұның бәрі жалған хабарлама», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы бір тұрғын Telegram, WhatsApp мессенджері арқылы қор биржасына инвестиция салып, ақшаны еселеу үшін 1,5 миллион теңге аударып жіберген. Жәбірленуші әр кезеңде 500 мың теңгеден салып отырған. Қазір осы іске қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар