Ақтөбелік жатақханаға «бомба» қойды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласының тұрғыны жатақханаға жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат таратқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық полиция бөліміне ер адам хабарласып, Гришин көшесіндегі шағын отбасылық жатақхана бөлмелерінің біріне «бомба» қойылғаны туралы айтты. Оқиға орнына жедел тергеу тобы және шұғыл қызметтер жіберілді. Жатақхананы жан-жағынан қоршап, саперлер көрсетілген бөлмені тексерді. Жарылғыш зат табылмады.

«Жедел іздестіру барысында бұрын сотталған, сол үйдің 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Мас күйінде хабар берген. Оның айтуынша, бұл ақпаратты тәртіп сақшыларының жұмысын тексеру үшін ойдан шығарған. Қылмыстық кодекстің «Терроризм актісі туралы жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды.


Соңғы жаңалықтар