Ақтөбелік жастар жалғызбасты қариялардың ауласындағы қарды шығарды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында қар қалың түсіп, жастар жалғызбасты қариялар үйінің ауласын тазартып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпан айында Ақтөбе қаласында боран болып, бірнеше жол жабылды. Бір келіншек үйінде босанып қалды. Ал қала жастары жалғызбасты қарияларды өз қамқорлығына алды. Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы «Қоғамға жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы ұйымдастырды.

«Қолға күрек алып, қар жинау қиын шаруа емес. Біз жастардың басын біріктіліп, осы істі бастап кеттік. Қаламыздағы оқу орындарында білім алып жүрген студенттер бірден қолдау білдіріп, жалғызбасты қариялардың үйіне барды», - деді Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы төрағасы Нұрсұлтан Қалдыбай.

Сонымен бірге көпбалалы аналарға да көмектесуді жоспарланды. «Қоғамға жақсылық жаса» акциясы үздіксіз жүргізіледі.

«Үмітпен болашаққа» еріктілер тобымен бірге ер балаларды қар жинауға кірісті. Барлығы 30-дан астам жігіт қала тұрғыны Александр Стариков, Владимир Паршинге көмектесіп, бір тобы қарттар үйіне барды. Сонымен бірге тұрғындардың санитариялық шараны ұстануы үшін арнайы үнпарақ таратылды»,-С.Бәйішев жоғары медициналық колледжі жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Данияр Қуанышбаев.


Соңғы жаңалықтар