Ақтөбелік жастар сайлауда белсенді болуға үндеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі медициналық университет студенттеріне бүгін сайлаудың маңыздылығы түсіндірілді. Жастардың көбі биыл алғаш рет өз таңдауын жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық жастар саясаты басқармасы мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицналық университеті бірігіп, жастарға сайлауға қатысып, азаматтық парызын өтеуге шақырды. Бүгін жоғары оқу орнында студенттердің қатысуымен «Сайлау өткізудің маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған болашақ дәрігерлер қатысты.

«Сайлаудың маңызы мен саяси-әлеуметтік тұсы, кандидаттар арасындағы саяси жарнамалардың заңдылығы, сайлаушылардың таңдауға қатысуы туралы айтылды. Медициналық университетте саясаттану, әлеуметтану пәндері бар. Онда сайлау жүйесі, сайлау құқығы деген тақырыптар қамтылады. Бұл жолы жастардың белсенділігін арттырып, оларды өз таңдауын жасауға шақырып отырмыз. Мәселен, АҚШ-та «кандидатқа дауыс беруге емес, өз тағдырымызды шешуге барамыз» деген жауапкершілікті сезінеді. Біздің қазақстандықтар да немқұрайлықпен қарамай, қауесет сөзге ермей, барынша қатысып, сайлауды әділ өткізуге өзі үлес қосуы тиіс», - деді Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бекзат Молдин.
null

Дөңгелек үстелге студенттермен қатар оқытушылар да қатысты. Алдағы уақытта да оқытушылар жастарға сайлаудың маңыздылығы туралы айтылып, белсенділік танытуға шақырып отыратын болады. Себебі 9 - маусымда студенттер әлі да сабақ оқып, емтихан тапсырады.

«Биыл 18-ге толдым. Сондықтан бірінші рет сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасаймын. Алдын ала кандидаттар туралы ақпарат жинап, олардың атқарған істері ме алдағы жоспарлары, қолға алған жұмысы туралы нақты білемін. Әрбір адамның дауысы маңызды. Өзім 9 мамыр күні 1-курстың соңғы емтиханын тапсырып, таңдау жасауға барамын», - деді студент Асылтас Сейілхан.

Соңғы жаңалықтар