Ақтөбелік жастар саябақ ішіндегі қоқысты жинады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік жастар бүгін саябақтағы қоқысты жинады. «Таза парктер» акциясына 50-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Киелі табиғат» жобасы жалғасып жатыр. Бүгін «Таза саябақ» акциясы аясында «Пушкин» паркінің аумағы тазартылды.

«Акцияға қалалық оқушылар сарайының ұйымдастырушы-педагог мамандары және «Көкжиек» клубының 50 аға тәлімгері қатысты. Біз балалар бойына патриоттық сезімді ұялатып, табиғатты аялап, күту мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп жүрміз. Сондықтан үлгі болу үшін бұл игі істі өзімізден бастадық», - деді республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының облыстық филиал төрайымы Айгерім Таирова.

Еріктілер санитариялық талапты сақтау мақсатында маска тағып арнайы қолғап киді. Әрқайсысы қолына қап ұстап, қағаз бен түрлі сусынның құтысын жинады.

«Экологиялық акция қоршаған ортаға ғана емес, адамдар үшін де пайдалы. Жан-жағымыз таза болса денсаулығымыз да сыр бермес еді. Осы жолы біз тағы бір мәрте жауапкершілік туралы айтқымыз келеді. Әр адам өзінен қалған қалдықты арнайы қоқыс жәшігіне салуы керек. Сол кезде бәрі жақсы болады. Бұл қарапайым ережені, сыйластықты кейбіріміз елемейміз», - деді акцияға қатысушы Ақмарал Суликанова.

Айта кетейік, 15 мамыр күні Мұғалжар, Қарғалы, Ырғыз аудандарында акция өз жалғасын табады.


Соңғы жаңалықтар