Ақтөбелік жасөспірімді анасы бір аптадан соң іздеп, полициядан көмек сұрады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік жасөспірім 7 мамыр күні үйінен кетіп, оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 мамыр күні Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне кәмелетке толмаған қыздың анасы жүгінді. Ол 2005 жылы туған қызының 7 мамыр күні үйінен кетіп, әлі күнге дейін оралмағанын айтты.
«Полиция қызметкерлері қыздың баруы мүмкін барлық жерін тексеріп, таныстарымен сөйлесті. 13 мамыр күні Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция инспекторлары 16 жастағы қызды «Электрон» дүкенінің маңынан тауып, анасына тапсырды.
Кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы» және «Өзінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамау« баптары бойынша хаттама толтырылды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар