Ақтөбелік жас дизайнер Түркияда өткен фестивальде бас жүлдені жеңіп алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік дизайнер Сәбина Жанзақова Түркияда өткен фестиваль кезінде ұлттық киім үлгілерін сахнаға алып шығып, бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәбина Жанзақова тек ұлттық нақыштағы киім үлгілерін тігіп, шетелдік байқауларға, фестивальдерге қатысып жүр. Қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық ерекшелігін танытуға үлес қосып жүрген жас сәнгер бұл жолы Түркияның Кемер қаласында өткен балалар және жасөспірімдер шығармашылығының халықаралық фестивалінде топ жарды. Барлығы 15 елден 25 шығармашылық ұжым қатысқан фестивальде Ақтөбе бас жүлдені жеңіп алды.

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық киімді тігу үшін 2-3 ай уақыт кетті. Мен үшін бәрінен ұлттық киімдерімізді шетелдіктерге таныстыру маңызды. Себебі, өзге елге барғанда қазақты танытатын, оның ерекшелігін паш ететін киіміміз, өнеріміз. «Күнкей» де осы бағытты нық ұстанып, Түркияда ұлттық киімді дамытуға қосқан үлесіміз және биде «Соғыссыз әлем» қойылымын шебер орындағанымыз үшін дипломмен марапатталды. «Наурыз» атты дефиле гран-приді иеленіп, ІІІ халықаралық фестивальдің басты сыйы Ақтөбеге бұйырды. Бізді сахнаға шығарып, ұлттық киім туралы жан-жақты сұрады. Қай ұлттық киімді қай уақытта киюге болатыны да қызықтырды»,- деді жас сәнгер Сәбина Жанзақова. 
null null 

Соңғы жаңалықтар