Ақтөбелік зауыт жұмысшылары сайлау науқанына қолдау білдірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе хром қосындылары зауыты бүгін «Nur Otan» партиясының шешімін қолдайтындарын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде калий, натрий биохромиті секілді бірнеше химиялық заттарды шығаратын хром қосындылары зауытында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Мұнда шығарылатын өнім Жапония, АҚШ секілді дамыған елдерге жөнелтіледі. Экспортқа бейімделген зауыт жұмысшылары бүгін президенттік сайлау кезінде өз таңдауын жасауға, белсенді болуға шақырды. Әрі «Nur Otan» партиясының шешімін қолдайтындарын айтты.null

«Елбасымыздың бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Стратегиялық бастамалары мен сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол», «Назарбаев моделі» деп баға берді. Ал сайлау - аса маңызды саяси оқиға. Мемлекетіміздің келешегі біздің шешімімізге тікелей байланысты. Мемлекеттік басты байлығы - адам, негізгі күші - халық. Сондықтан мерзімінен бұрын сайлаудың өтуі заңдылық. Мен әріптестерімнің дұрыс таңдау жасайтынына сенемін», - деді зауыттың бөлім басшысы Әкімжан Боранқұлов.

Зауытта «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымы 2010 жылы құрылған. Қазіргі кезде құрамында 550 адам бар.

«Қазір еліміз үшін жауапты кезең туды. Бұл кезде бәріміз бір атаның баласындай таңдау жасап, өз үнімізді қосуымыз керек. Оның ішінде өндіріс орнында жұмыс істейтін еңбек ұжымының маңызы зор. Сондықтан әрқайсысымыз сайлауға барып, дауыс берейік», - деді зауыттағы кәсіподақ ұйымының төрағасы Вера Полинкевич.

null null

Соңғы жаңалықтар