Ақтөбелік вело-саяхатшыны Бурабай маңында көлік қағып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік 58 жастағы саяхатшы Ертарғын Мұханбетқалиұлы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай велосипедпен саяхат жасады. Алайда Астанаға бара жатқан жолда ол жол-көлік апатына ұшырады.

- Ақтөбеден 28 маусымда шықтым. 7 шілдеде Щучинск қаласы (Ақмола облысы Бурабай ауданының орталығы) маңында апатқа ұшырадым - жеңіл көлік қағып кетті. Есімді жиғанда жедел жәрдем келді, сынықтар болмағанымен, 4 күн ауруханада жаттым, - деді Е.Мұханбетқалиұлы.

Щучинскіден Астанаға Ертарғын пойызбен жетті. Саяхатшы елорданы өмірінде бірінші рет көрді. Астана оған ұнады, ол «Бәйтерекке» барды.

Саяхатшының  жол-көлік апаты кезінде велосипедіне зақым келді, сондықтан оны Щучинскіде қалдыруға мәжбүр болды.
Басты мақсаты - Қазақстанды велосипедпен аралауды қалай жүзеге асыратынын Ертарғын әзірге білмейді. 
Бұрын хабарланғандай, 23 маусымда Е.Қосанов велосипедпен Маңғыстаудың қасиетті жерлеріне, соның ішінде Шопан ата және Бекет ата қабіріне сапарлаған. 1,5 мың шақырымды ол 10 күнде бағындырды.  

Ол бала кезінен бері велосипедпен ел кезгенді ұнатады. Ертарғын жалғыз өзі 5 бала тәрбиелеп, өсірген. 

null  

Соңғы жаңалықтар