Ақтөбелік Ұлы Отан соғысының ардагерлері 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек алады

None
None
АҚТӨБЕ. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 68 жылдығын мерекелеуге орай Ақтөбе облысындағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 50 мың теңге сомасында бір жолғы материалдық көмек алады.

Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың 12-ші кезектен тыс сессиясы барысында белгілі болды.

Атап айтқанда, ардагерлерге сыйақы төлеуге облыстық бюджеттен 10 млн. 449 мың теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Бүгінгі күні аймақта 273 соғыс ардагері мен мүгедектері бар, олардың 250-і Ақтөбе қаласында тұрады.

Соңғы жаңалықтар