Ақтөбелік тілшілер аз қамтылған жанұядан шыққан балалар үшін жылы киімдер жинады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысындағы Алға ауданының «Жұлдыз-Звезда» газетінің қызметкерлері аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жылы киім жинау бойынша қайырымдылық акциясын өткізді.

«Біз «Ақбөбек» балаларға арналған білім беру орталығының облыс орталығында өткізген акциясын қолдадық. Оған дайындық барысында ауданымызда қайырымды, өзгенің проблемасына бей-жай қарай алмайтын адамдар көп екеніне көзіміз жетті. Балаларға арналған біраз жақсы жылы киім жинадық. Бұдан басқа, акцияның көптеген қатысушылары мұқтаж отбасыларға ақшалай көмек те көрсетті», - деп баяндады «Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің бас редакторы Сағадат Мұсағалиева.

Шараға жергілікті индустриялық-техникалық колледж, орталық аудандық аурухананың балалар үйінің және т.б. қызметкерлер қатысты.

Бұл қайырымдылық акциясы ауданда бірінші рет өтуде, бірақ ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай шаралар дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар