Ақтөбелік студент судан баланы аман алып шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 17 жастағы студент суға батып бара жатқан баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарғалы өзенінің жағасында жүрген студент баланың суға кетіп бара жатқанын көрген. Ол жүзіп барып, баланы жағалауға алып шықты.
«Жағаға жеткен кезде бірден жерге жатқызды. Сол кезде көмекке шақырып жатқан дауысты
15 жастағы оқушы естіп қалған. Бимырза да жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсетті. Жүрегіне массаж жасады, жасанды тыныс алуға көмектесті. Сол кезде жедел жәрдем бригадасы да жетті. Қазір бала облыстық балалар ауруханасында жатыр»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар