Ақтөбелік студент өрт кезінде 6 адамды қауіпсіз жерге алып шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көпқабатты үйдің балконы өртенді. Өрт кезінде студент Ильнур Акмеев 6 адамды қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 9 қабатты үйдің 7-қабатынан өрт шықты. Өрт кезінде 50 адам эвакуацияланды. Олардың 20-сы - бала. Қазіргі кезде зардап шеккен ешкім жоқ, бәрі дін аман.null

«Сағат 14:26-да көпқабатты үйдің балконында өрт шықты. Өрт аумағы - 6 шаршы метр. Оқиға орнына 8 техника мен 20-дан астам өрт сөндіруші жіберілді. Полиция қызметкерлері де келді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт 14:42-де сөндірілді», - деді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов.null

Бұл жолы да тұрғындардың дер кезінде сыртқа шығуына қарапайым тұрғындар көмектесті. Ақтөбе политехникалық колледжінің 2-курс студенті Ильнур Акмеев 6 адамды қауіпсіз жерге шығарды.

«Мен осы маңнан өтіп бара жатқан кезде балконнан түтін шыққанын көрдім. Жақындай келе қызыл жалынды байқап, дереу үйге қарай жүгірдім. Темір есікті жұлқып ашуға тура келді. Сөйтіп подьезге кіріп, есіктерді қаға бастадым. Сол пәтерге кірген кезде өрт сөндірушілер мен полиция болды. Су алып беріп, тасыдым. Оның алдында 6 адамды далаға шығардым. Олардың бесеуі бала, біреуі қария. Мұндай жағдайға бірінші рет кездесіп тұрмын», - деді Ильнур Акмеев.null

Еске салсақ, 2018 жылдың қазанында дәл осы көпқабатты үйден өрт шығып, үйдің қасбетін әрлеген пластикалық қаптама жанып кетті. Бірнеше пәтердегі бұйымдар жарамсыз күйге түсті.

Өрттің нақты шығу себебі сол күйі анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар