+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақтөбелік СҚО-да синтетикалық есірткі таратумен айналысқан

2021 жылғы 22 шілде 21:59
Бөлісіңіз:
Ақтөбелік СҚО-да синтетикалық есірткі таратумен айналысқан

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «мефедрон» атты синтетикалық есірткіні ірі көлемде татартақ Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 60 келіден астам шаян табылды Елордада кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ер адам ұсталды Семейде қонақ үйде психотроптық заттар сақтаған Қостанай тұрғыны ұсталды

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері арнайы операция барысында 27 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Ол синтетикалық есірткіні жасырып кету арқылы таратты деген күдікке ілінген. Ұстау кезінде ер адамнан ұнтақ тәріздес ақ түсті заты бар 9 түйіншек алынды. Тағы 16 түйіншек күдікті көрсеткен жасырылған жерлерден және 3-уі жалға алған пәтерден табылды. Сол жерден есірткі жасаушылардың құралдары - таразы, өлшеуіш қасық, буып түйетін материал табылды.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған зат «мефедрон» деген атпен белгілі синтетикалық есірткі. Қазіргі таңда ол аса қауіпті есірткі болып есептеледі. Тәркіленген заттың жалпы салмағы - 49,15 грамм, бұл аса ірі көлемге жатады. Одан қарапайым есеп бойынша бір рет пайдалануға болатын 800 дозаны алуға болады. Синтетикалық есірткіні таратумен күресуге ерекше көңіл бөлінеді», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасыныңбастығы Жандос Басыбаев.

Жыл басынан осымен төртінші рет басқа қала тұрғыны синтетикалық есірткіні жасырын орынға салып кетті деген күдікке ілініп, ұсталып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT