Ақтөбелік шаруалар Маңғыстауға мал азығын тегін бермек

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік шаруалар бірігіп, қуаңшылыққа тап болған маңғыстаулықтарға мал азығын дайындап қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі Жылқышылар қауымдастығы бірігіп, бір-бірін қолдады. Қазіргі кезде 1370 орама мен 1 мың тай шөп дайын тұр.

«Біз екі нұсқаны ұсындық. Біріншіден, дайын мал азығын адамдар өздері алып кетеді. Ол кезде біз бәрін тегін тиеп береміз. Екіншіден, біз жеткіземіз, ал олар Ақтөбедегі шөп құнын төлейді. Сонымен бірге аса мұқтаж отбасына тегін жеткізуді көздеп отырмыз. Мұның қиындығы, талас тууы мүмкін. Қалай десек те біз осы арқылы маңғыстаулықтарды қиындықта қолдайтынымызды, бірге тығырықтан шығар жол іздейтінімізді көрсетеміз. Ел басына қиын күн туғанда бірігу қажет. Ұсынысты көбі қолдады», - деді «Жантізер» ШҚ басшысы Бақытжан Ержанов.

Айта кетейік, «Шыңғыс», «Жансая», «Қайсар», «Әділбек», «Айжарық», «Алақозы», «Көкүй», «Арман-М», «Нұр» секілді бірнеше шаруа біріккен. Қазіргі кезде ауа райына байланысты тасымалдау қиындық тудырып тұр.

«Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарымен тіркелей байланыс бар. Сондықтан шөп алуға келгендердің нағыз сол жақтың тұрғыны екенін алдын ала анықтап аламыз», - деді Бақытжан Ержанов.


Соңғы жаңалықтар