Ақтөбелік полиция есірткі жарнамалайтын 250 сайтты анықтады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде алты ай ішінде 117 келі есірткі заңсыз айналымнан алынды. Полиция қызметкерлері есірткі жарнамалайтын 250 сайтты анықтап, зерделеуге жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті алты айды қорытындылады. Өңірде есірткіге қатысты 31 қылмыстық іс тіркеліп, 88 күдікті қамауға алынды. Заңсыз айналымнан барлығы 117 келі есірткі алынып, тәркіленді.

«Жыл басынан бері ірі көлемде есірткі сату дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Іс Қылмыстық кодекстің »Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету« бабымен қаралады. Ал »Есірткі заттарын сату бабымен 19, «Ірі көлемде есірткі сақтау» бабымен 4 қылмыстық іс тіркелді«, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, алты ай ішінде патрульдік полиция қызметі есірткі тұтынған 75 жүргізушіні анықтады.

«Полиция қызметі есірткі заттарын жарнамалаған 250 сайтты анықтады. Сайттардың сілтемесі министрлікке жіберілді», - деп хабарлады Е. Сарқұлов.

Өңірде есірткіге тәуелді, психотропты заттар тұтынатын 1500-ден астам адам тіркелген.



Соңғы жаңалықтар