Ақтөбелік полицейлер ресейлік әріптестерімен есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейте түсуі керек - Б.Бисенқұлов

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының полицейлері Ресейдің шекаралас облыстарындағы әріптестерімен бұдан да тығыз өзара бірлесе әрекет етуі қажет. Бұл туралы аймаққа жасаған жұмыс сапарының барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов айтты, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмыспен күреске басымдық берілуі тиіс», - деді ІІМ басшысының орынбасары.

Берік Бейсенқұлов ішкі істер органдарының өзге құрылымдармен өзара әрекет ету керектігіне мән берді. Атап айтқанда, ІІМ құрамына өткен ТЖК аймақтық департаментімен өзара байланыс мәселесіне ерекше тоқталды. «Бұл екі құрылым жұмыс тиімділігін арттыруы тиіс, өйткені бірінші кезекке олардың қызметінің үйлестірілуі принципті түрде жаңа тәсілдерді талап етеді. Өртке қарсы қызметкерлерге, полицияның учаскелік инспекторларына үлкен жұмыс пен жауапкершілік жүктеледі», - деді ҚР ІІМ министрінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар