Ақтөбелік полицейлер мектептер жанында кезекшілікті күшейтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Қауіпсіз жол» акциясы барысында полиция қызметкерлері оқушыларға жол ережесін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер өткелінде және жалпы білім беретін мектептердің жанында кезекшілікті күшейтті. Негізгі мақсат – жол апатының алдын алу, балалардың өмірін сақтау, мектеп аумағында тәртіпті қамтамасыз ету.

«2020 жылы өңірде балалардың қатысуымен 108 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Барлығы 5 бала көз жұмып, 119-ы жарақаттанды. Балаңыздың өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарамаңыз. Көп жағдайда балалар ересектердің кінәсінен көз жұмады. Оларды арнайы креслосыз автокөлікке отырғызады, өзі мас күйде көлікті басқарады», - деді Ақтөбе қалалық полиция бөлімі патрульдік полиция батальонының командирі Ермек Шуканов.


Соңғы жаңалықтар