Ақтөбелік полицейлер киіз үй тігіп, жетім балаларды қонақ етті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бір күнін арнап, оларды қонаққа шақырды. 

Полиция қызметкерлері ағаш үй тігіп, ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізді. Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар өз қолдарымен жасаған бұйымдарды көрме-жәрмеңкеге алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

«Балалар үйінің тәрбиеленушілерін шақырып, оларға мереке сыйлауды жөн санадық. Ата-анасынан айырылған, көңілі жабырқаулы, ертеңгі күніне алаңдаулы балалар үшін бұл жақсы сый болды. Олар бізге құр қол келмеген. Бәрі өз қолымен жасап, тігіп, тоқыған бұйымдарын әкелді. Көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, қағаз, матадан жасалған бұйымдарды полиция қызметкерлері сатып алды. Кейін біз балаларға естелік сыйлық табыс еттік. Мемлекет қамқорлығындағы мектеп оқушылары полиция қызметкерлерін көріп, олардың өмірімен, жұмысымен танысты. Бәлкім, олар осы кездесуден соң құқық қорғау саласын таңдап, жақсы маман иесі атанатын болар. Бәрі де ел тыныштығы мен болашағы үшін жасалып жатқан игі шара»,- деді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Қонақбаева.

null

Полиция қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне дастархан жайып, қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды. Спорттық жарыстардың жеңімпаздары дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

«Облыстық Ішкі істер департаментінің жеке құрамы балалар үйінің тәрбиеленушілерін бірінші рет мерекеге шақырып, оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Балалар бұл күнге алдын ала дайындалды. Өнерпаздарымыз би билеп, ән айтты. Барлығы 30 бала бір күн бойы полиция қызметкерлерімен бірге спорттық жарыстарға қатысты. Бәрі сыйлық алып келді. Жақсы әсермен оралған балалар оқуға қайта кірісті»,- деді Алға балалар үйінің директоры Кенжеғазы Балғазин.

null

Соңғы жаңалықтар