Ақтөбелік полицейлер иесіз қалған екі сөмкеден жарылғыш зат іздеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде полиция қызметкерлері иесіз қалған екі сөмкеден жарылғыш зат іздеді. Екі оқиға да «Сапар» автовокзалы мен сол маңдағы автотұрақта болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше сағат 12:00-де полицияның 102 нөміріне «Сапар» автовокзалының күту залында иесіз сөмке жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барлық шұғыл қызмет тобы барды. Саперлар ғимарат ішін қарап шығып, жарылғыш зат таппады. Ал сөмке 29 жастағы жігітке тиесілі болып шықты.

«Сағат 14:30-да тағы да хабарлама түсті. Бұл жолы «Сапар» автовокзалы маңындағы автотұрақта иесіз спорттық сөмке жатқаны туралы айтылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Сөмкені біреу ұмыт қалдырған. Ішінен тек жеке заттары табылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар