Ақтөбелік полицейлер Аналар үйіндегі жас аналарды құттықтады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицейлер Аналар үйіндегі жас аналарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сыйлықтар тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі Аналар үйінде 13 жас ана бар. Олар барар жері жоқ болған соң кәсіпкерлердің көмегімен ашылған бір шаңырақта тұрып жатыр. Халықаралық әйелдер күніне орай бүгін аналарды Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің ұжымы құттықтады.

null 

«Тәртіп сақшылары жас аналар мен олардың сәбилеріне сый жасады. Аналар үйінің сұранысы бойынша музыкалық жабдық тарту етілді. Мұнда жас аналар мен жүкті қыздар бар. Бұл әлеуметтік жоба ана мен баланың ажырамауына мүмкіндік берді. Аналарға өмірдің мәнін ұғынып, дұрыс жол таңдай білуге қөмектесті. Аналар үйіне барып, осындай шаралар ұйымдастыру арқылы біз қандай қиындық болса да адамдарға қол ұшын беріп, мейірімділік танытудың маңызды екенін түсініп, түсіндіреміз», - деді облыстық ІІД баспасөз бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Нұргүл Қонақбаева.

null 

Аналар үйін паналаған жас аналар Халықаралық әйелдер күніне дайындалған. Олар өлең-жыр оқып, құттықтап келген тәртіп сақшыларына дастархан жайды. 

Соңғы жаңалықтар