Ақтөбелік полицей 50 мың теңге пара алып, 2,5 миллион теңге айыппұл арқалады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде полиция қызметкері Айбек Ташпенов 50 мың теңге пара алып, 2,5 миллион теңге айыппұл төлейтін болды. Сот оны өмір бойы құқық қорғау саласында еңбек ету мүмкіндігінен айырып, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызмет бабында жүріп көлік басқару ережесін бұзған адамдарға айыппұл салмай, пара алған Айбек Ташпенов 2,5 миллион теңге айыппұл төлейді. Ол Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы бойынша айыпты деп танылды.

«Сотталушымен жасалған қылмыс ауырлығы орташа қылмысқа жатады. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының қылмыстық жауаптылығын және жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын қылмыстық жауапқа тартылмағанын, айыпты мойындап, шын жүректен өкінуін, жағымды мінездемесін, залал орнын толтырғанын, кәмілетке толмаған балалары бар екенін ескерді. Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен сотталушының мүлкі тәркіленіп, құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан, полиция старшинасы шенінен өмір бойына айырылды»,- деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова.

Еске салсақ, Айбек Ташпенов Ақтөбедегі әкімшілік полиция басқармасында жұмыс істеген. Ол осы жылдың 18 ақпаннан 19 ақпанға қараған түні Ақжар-2 ауылында күдікті көрінген көлікті тоқтатады. Себебі, жүргізуші құжатсыз, көліктің жарығын жақпастан ауыл ішінде жүрген. Полиция қызметкері жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырмай, пара алған. Айбек Ташпенов сөзінде пара алғанын толық мойындап, соттан жеңіл жаңа тағайындауды сұрады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ол жасаған ісіне өкініп, кешірім сұрады. https://kaz.inform.kz/news/aktobede-50-myn-tenge-para-algan-policiya-kyzmetkeri-kinasin-tolyk-moyyndady_a3008215

 

Соңғы жаңалықтар