Ақтөбелік өзге ұлт өкілдері Қазақстанға және оның халқына алғыстарын білдірді

None
None
  АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тұратын өзге ұлт өкілдері Алғыс айту күнінде ризашылықтарын білдірді. 

null
«Ортақ тағдыр! Берекелі бірлік! Шексіз алғыс!» атты мерекелік шараға жүзден астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында 18 этномәдени орталық бар. Әрқайсысы өз тілі мен өнерін, мәдениетін дамыту жолында жұмыс істеп жатыр. Өңірде болатын мәдени-танымдық кештерге үзбей қатысатын бірлестік өкілдері бүгін «Ортақ тағдыр! Берекелі бірлік! Шексіз алғыс!» атты мерекелік шара өткізді. 
null  

Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қала әкімі Ілияс Испанов пен Қазақстанға, соның ішінде Ақтөбеге қоныс аударған түрлі ұлт өкілдері қатысты.
null  

«Мен 1969 жылы Ақтөбеге қоныс аудардым. Бұл жердегі халық мені құшақ жая қарсы алып, бар тәттісін тосты. Бұл тарих. 30-40 жылдары қазақ жеріне қоныс аударғандар көп болды. Оның ішінде әзербайжандар да бар. Ондаған мың әзербайжандық бала-шағасымен туған жерінен қуылып, қазақ жеріне келді. Бұл кезде қазақ халқының басынан қиын күндер өтіп жатқан болатын. Ашаршылық, қуғын-сүргін мен соғысты бастан өткерді. Бірақ олар бізді қабақ шытпай қарсы алып, бауырына басты. Осы үшін мың алғыс айтамыз. Мен өз Отаныма, еліме, халқыма алғысымды білдіріп, бас иемін»,- деді «Әзербайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбедегі бөлімшесінің төрағасы Шахбаз Жамалов.
null  

Айта кетейік, Ақтөбедегі барлық этно-мәдени бірлестіктің жексенбілік мектебі бар. Мұнда келушілер мемлекеттік ана тілін үйреніп, вокал, би үйірмелеріне қатысады. Мерекелік шара аясында «Қазақстанға жол» атты тарихи көрме ұйымдастырылды. Әр ұлттың тарихы мен тыныс-тіршілігінен сыр шертетін бұйымдар мен басылымдар қойылды.
null null null  

 

 

 

Соңғы жаңалықтар