+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Ақтөбелік ортақ үй сатып алу үшін танысына 14 млн теңгесін берген

2021 жылғы 25 шілде 03:34
Бөлісіңіз:
Ақтөбелік ортақ үй сатып алу үшін танысына 14 млн теңгесін берген

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік тұрғын таныс әйелге 14 миллион теңге беріп, оның ортақ үй сатып алатынына сенген. Бір ай өткенде алданып қалғанын сезіп, полициядан көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
COVID-19: Ақтөбеде бір тәулікте 137 адамнан коронавирус анықталды Ақтауда 2 млн теңге үшін 21 жерден пышақ салған қылмыскерге сот үкімі шықты Ақтөбеде 243 келі есірткі тәркіленді

Ақтөбе қаласының 31 жастағы тұрғыны танысын көндіріп, оның 14 миллион теңгесін алып кетті. 40 жастағы ер адам әйелге сеніп, бір ай күткен. Кейін алданып қалғанын сезіп, полицияға жүгінді.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай дерек өте көп. 31 жастағы тұрғын «ВАЗ-2115» көлігін сатпақ болады. Қала тұрғыны оған көлігін әлдеқайда қымбатқа сатып бере алатындығы туралы ұсыныс айтты. Көлік иесі оған сеніп, көлігін табыстайды. Кейін күдікті үш ай бойы жәбірленушіден жасырынып жүрген, жәбірленуші полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, анықтады. Ол бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапқа тартылған 26 жастағы жас жігіт болып шықты»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалпы шығын 1 млн теңгені құрады.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті азаматтарды алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін аса сақ болыңыз және бейтаныс адамдарға сенбеңіз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT