Ақтөбелік өрт сөндірушілер үш баланы аман алып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбелік өрт сөндірушілер 6-шы қабаттағы пәтерден үш баланы аман алып шықты. Балалар бір-бірін құшақтап, пәтерде тығылып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары-қызметіне 10 қабатты үйдің 6 қабатында орналасқан пәтерден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Балкондағы түтінді көрген өрт сөндірушілер тұрғын үйдің адамдарынан пәтерде кімнің бар екенін сұрастырды. Сол мезетте пәтерде үш бала қалған.

«Бөлім аға инженерінің міндетін атқарушы аға сержант Жанболат Сұлтанов жанындағы екі әріптесіне балаларды іздестіру, құтқару үшін тапсырма берді. Бір мезетте балкон арқылы кіруге автосаты сұрады. Аға өрт сөндіруші Абдолла Әділов пен бөлім командирі Дәукен Сапаров 6-қабатқа жүгіріп шығып, құлыптаулы есікті тез арада ашып, түтінге оранған пәтерге кірді. Балалар кіреберіс есік маңындағы қуыс бөлмеге тығылған. Қорқып қалған балалар үлкендерді көрген бойда олардың қолдарынан ұстады. Құтқарушылар балаларды төменгі қабатқа түсірді»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
null 

Өрт балконнан шыққан. Ондағы киім-кешек пен жамылғы жанған.

«Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 34 адам мен 8 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығы, өрт-сынақ зертханасы, полиция, электр байланыс, газ қызметтері оқиға орнына барды. Нәтижесінде 25 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылып, 13 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Түтінді бірінші болып 8 жасар Аңсар көрген. Ол ваннадағы қарындасын айқайлап шақырып, кішкентай Айзерені қолына алып, пәтердегі қауіпсіз орынды паналады»,- деді ТЖД баспасөз қызметі.

null null 

Соңғы жаңалықтар