Ақтөбелік өрт сөндірушілер Ресейге көмекке аттанды
Ресейдің Орынбор облысындағы өрт сөндірушілер ақтөбелік әріптестерінен көмек сұрады.
"Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 16.40-та Орынбор облысында құрғақ шөптің жанып жатқаны және жақын аймақтардағы елді мекендерге қауіп төнгені, осы орайда өртті сөндіру үшін қосымша күш пен құрал қажет екені туралы ақпарат келіп түсті. Ал 18.30-да Ақтөбе облысында жедел штаб жұмысын бастады. Департамент басшылығы ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен РФ ТЖМ Орынбор облысы бойынша басқармасы арасындағы өзара көмек көрсету жоспарын орындау мақсатында өртке қарсы қызмет күші мен құрылымынан 36 адам мен 5 техника жіберді. Оның ішінде, Қарғалы ауданы ерікті өртке қарсы құрылым жасағынан 10 адам мен 1 дана техниканы аттандырды",- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.