Ақтөбелік өрт сөндірушілер көпқабатты үйдің қасбетіндегі тез жанатын материалды алып тастауды сұрады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде үйдің қасбетіндегі әсемдік үшін пайдаланылған құрылыс материалы тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар қызметі жергілікті әкімдіктен тез жанатын материалды алып тастауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 9 қабатты үйдің балконы өртеніп, 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өткен жылдың қазанында дәл осы үйдің қасбеті жанып, бірнеше пәтер зақымданған болатын. Кезекті өрт кезінде төтенше жағдайлар қызметі жергілікті әкімдіктен шұғыл шешім қабылдауын сұрады.

«Ақтөбе қаласы бойынша қасбеті тез жанатын құрылыс материалымен қапталған 13 көпқабатты үй бар. Біз жергілікті әкімдікке хабар беріп, бәрін ауыстыруды сұрадық. Қазір жұмыс атқарылып жатыр. Ақтөбе облысының әкімдігі қала әкімдігіне тапсырма берді. Бәрін алмастыруы мүмкін», - деді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов.null

Айта кетейік, тұрғындар да тез тұтанып, жанатын құрылыс материалын мүлде алып тастауды сұрап отыр.

«Тұрғындар кейде темекі тұқылын тастайды. Сол кезде де осындай өрт шығуы мүмкін. Бізге әсемдік емес, қауіпсіздік қажет. Алғаш рет өрт болған кезде-ақ алып тастауды сұрадық, бірақ нәтиже шықпай тұр», - деді ПИК төрайымы Татьяна Гречко.

Бүгін осы оқиғаға қатысты облыс әкімдігінде шұғыл жиын болды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Оңдасын Оразалин тұрғын үйлердің қасбетін замануи құрылыс материалына алмастыруға тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар