+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Ақтөбелік өлкетанушы вице-премьерден Көкжиде су қорын қорғауды сұрады

2019 жылғы 2 қараша 23:12
Бөлісіңіз:
Ақтөбелік өлкетанушы вице-премьерден Көкжиде су қорын қорғауды сұрады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтан ең сапалы су қорын сақтап қалуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев Павлодар облысындағы білім сапасын жоғары бағалады Бердібек Сапарбаев Шиелі және Жаңақорған аудандарында болды Ұстаз бен дәрігердің жалақысы елдегі орташа айлықтан жоғары болуы тиіс - Бердібек Сапарбаев

Көкжиде жерасты су қоры орналасқан аумақта бүгінде бес мұнай компаниясы жұмыс істеп тұр. Жыл сайын экологтар тексеру жүргізіп, ластану дерегін тіркеп келеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мұнай шығып жатқан жердегі тұщы судың нақты қорын анықтауға 1,1 млрд теңге қаржы керек.

«Біріншіден, Көкжиде су қорының сапасы жақсы. Екіншіден, су қоры мол. Тек Ақтөбе облысы емес, көрші Атырау, Маңғыстау облыстарына пайдалану жобасы бар», - деді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ экологтар вице-премьерден қоғамда пікірталас тудырған - Ақтөбедегі 7 өзеннің арналарын кеңейту және тазарту жұмыстарына қатысты сұраған болатын.

Еске салсақ, Ақтөбе облысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы келді. Оның құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT