Ақтөбелік оқушылар Қазақстанның киелі жерлерін аралайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік мектеп оқушылар Қазақстанның киелі жерлерін аралауға шықты. Олар Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарын аралайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әр ауданы мен қалада білім алып жүрген 20 оқушы өз жетекшісімен киелі жерлерді аралауға шықты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасын әзірлену қажет деп тапсырған болатын. Еліміздегі киелі орындармен танысу, зерттеу жүргізу үшін ақтөбелік оқушылар алдымен Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына аттанды. Олар арнайы туристік маршрутпен жүріп өтіп, қазақ тарихымен кең танысады.

«Экспедицияға мектептерде білім алатын әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары барады. Жоспар бойынша Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелері мен Қорқыт ата кешеніне, Айша бибі, Қарахан кесенелері мен бірнеше сәулет ескерткіштеріне, тарихи мекендерге барады. Балалар еліміздің киелі орындарымен танысып, кейін өздерінің көріп, білгенін өз замандастарына баяндайды. Бұл жұмыс келер жылы да жалғасын табады», - деді Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының бөлім басшысы Жанна Бүркіталина.

Айта кетейік, барлығы үш топ киелі жерлерді тамашалау, зерттеумен айналысады. Балалардың денсаулығына жауапты дәрігер де сапарға бірге шығады.

Соңғы жаңалықтар