+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Ақтөбелік оқушы вирустан қорғайтын «ақылды маска» ойлап тапты

2021 жылғы 23 қаңтар 20:27
Бөлісіңіз:
Ақтөбелік оқушы вирустан қорғайтын «ақылды маска» ойлап тапты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік оқушы Арман Жалғасбаев вирустан қорғайтын және сигнал беретін маска ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайтын болды ШҚО-да екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды ШҚО-да 2100 орындық 3 мектеп салынуда

Арман Жалғасбаев Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жүр. Өнертапқыш «KIRC.KZ - 2021» халықаралық байқауына қатысып, І-орынды иеленді. Жеңімпаз оқушыға 300$ көлемінде ақшалай сыйлық пен диплом табыс етілді. Оның робототехника саласы бойынша халықаралық жарысқа ұсынған «RUD SMART MASK» жобасы респираторлық маска мен қоршаған орта анализаторы функциясын атқара алады.
«Маска екі негізгі бөліктен тұрады. Біріншісі, ауадағы газды анықтауға арналған талдау және сигнал жүйесі. Ақпарат bluetooth-модуль арқылы таратылады. Ал екінші бөлігі сүзгі есебінде қолданылады. Маска ағзамызды лас ауа мен вирустан қорғайды. Тұтынушыға ыңғайлы болуы үшін екі компонент өзара неодим магнитімен жалғанып тұр», - дейді Арман Жалғасбаев.
Маска сапасы мен оны қайта пайдалану аса маңызды. Жас өнертапқыш «ақылды масканы» тазалауға арналған RUD STAND құрылғысын да жасады.
«Маска фильтрі ультрамедколь, спанбонд, белсендірілген көмір қосылған мата және акрилден жасалды. Біздегі аппарат оны арнайы ультракүлгін сәулелер көмегімен бірнеше минут ішінде залалсыздандырады. Нәтижесінде маска қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», - деді ақтөбелік зияткер.
Айта кетейік, Ш.Уәлиханов мектебі ұйымдастырған халықаралық жарысқа Ресей мен Өзбекстан, Түркия мемлекеттерінен де жобалар ұсынылды. Әлемдегі короновирустық пандемияға байланысты байқау онлайн форматта өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT