Ақтөбелік оқушы Түркиядан жеңіспен оралды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Санжар Хамит Анталияда өткен халықаралық пән олимпиадасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Санжар Хамит география пәнінен І орын, ағылшын тілінен ІІІ орынды иеленді. «Санжар Хамит 7 сыныпта оқып жүргенде ағылшын тілін жетік білетінін байқаған болатынмын. Содан оны мектеп олимпиадасына дайындалуға шақырдым. Ол бірінші орынға ие болды және жеңіс жолы осылай басталды», – деді зияткерлік мектептің ағылшын тілі мұғалімі Жанна Бакиршинова. Түркияда өткен олимпиада екі бөлімнен тұрды. Олар тестілеу және пән мен туризм бойынша практикалық кезең. Санжар Хамит география олимпиадасының 160 қатысушысының ішінен оза шықты. «Олимпиадалардың арқасында өзін-өзі дамытуға деген қызығушылық пайда болды. Анталиядағы жеңістен кейін мен өзімді әртүрлі бағытта сынап көргенім бекер емес екенін түсіндім. Енді жаңа белестерді бағындыруға тырысамын», – деді 9 сынып оқушысы С. Хамит. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің бастауыш, орта және жоғарғы сынып оқушылары, Түркиядан, Ресей Федерациясынан және басқа ТМД елдерінен келген орта кәсіптік білім беру орындарының студенттері қатысты.
- Қатты аяз: ШҚО-да екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды
- ШҚО-да бірінші ауысымдағы сабақ өткізілмейді
- Ақтөбеде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін жүйе жұмыс істеп тұр
- Ақтөбеде жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімін ана-аналары онлайн бақылады
-
Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
-
Ақтөбелік оқушы вирустан қорғайтын «ақылды маска» ойлап тапты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам