Ақтөбелік оқушы мектеп ауласында токқа түсіп, екі қолынан айырылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында 4-сынып оқушысы мектеп ауласындағы трасформаторға токқа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 қазан күні Шалқар қалалық №2 мектеп-гимназиясында оқитын 4-сынып оқушысы мектеп ауласында орналасқан трансформаторға тоққа түсіп қалды. Сол күні ол сағат 12:30-да 6 сабақтан шығып, үйіне барып, мектеп ауласындағы спорт алаңына ойнауға қайта келген. Ойнап жүріп сағат шамамен 14:00-де темір қоршаудан өтіп, трансформатордың есігін қолымен тартып, қуыстан ішіне кіріп кеткен. Сол кезде баланың жанында достары болған. Іштен шыңғырған дауысты естіген кезде мектеп қызметкерлері шығып, кілтпен трасформатор ішін ашты. Баланы 7 қазан күні санавиациямен облыс орталығына жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты. Анасы бізбен хабарласып, жағдайы айтып отыр. Отадан сәтті шықты»,- деді Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Абзал Абдыков.

Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында операция жасалды. Оның қол сүйектері күлге айналған. Бас дәрігер Нұрлан Кожиннің айтуынша, консилиумның шешімімен оқушының екі қолы кесілді.

Соңғы жаңалықтар