Ақтөбелік мұнайшылар қытайлық вакцина салдырады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде иммундау жұмысы жалғасып жатыр. Енді мұнайшылар қытайлық «Синофарм» вакцинасын салдыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 38 мыңнан астам адам вакцина салдырған. Оның 6 мыңнан астамы екі компонетті де алды. Өткен демалыс күндері тағы 14 800 доза Спутник V вакцинасы өңірге жеткізілді. Сонымен бірге QazVac екпесінің 2 мың дозасы әкелінді.

«Қазақстандық QazVac вакцинасы емханаларға таратылды. Осы аптада отандық вакцина беріле бастайды. Сонымен бірге қытайлық «Синофарм» вакцинасы қазір Сауд Арабиясында өндіріліп жатыр. Онда вакцинаға «Hayat-Vax» атауы берілген. Дәл осы қытайлық вакцинаның 22 мың дозасы 30 сәуір күні облысқа жеткізіледі. Жоспар бойынша «Самұрық Қазына» компаниясының жұмысшыларына, яғни, өңірдегі ірі мұнай компанияларының қызметкерлеріне егіледі. Кейін тұрғындарға да жеткізіледі», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы 31 наурыздан бері «қызыл» аймақта. Өткен тәулікте тағы 125 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазір 750 науқас инфекциялық ауруханаларда ем алып жатыр. Оның 50-і жансақтау бөлімінде. Барлығы 7 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Соңғы жаңалықтар