Ақтөбелік мұғалім сотта оқушысын ұрмағанын дәлелдеп шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде №10 орта мектептің бұрынғы мұғалімі Мәдина Жұмабаева 3-сынып оқушысы Дильнара Мубаракованы ұрмағанын сотта дәлелдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы №10 орта мектеп оқушысы Дильнара Мубаракованың анасы Әсем Кумпакова сотқа арыз түсіріп, оның қызын мұғалімі Мәдина Жұмабаеваның ұратынын айтқан болатын. Сот кезінде оқушы қыздың мүддесін әжесі Гүлмира қорғады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, іс Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша қозғалды .

Кейін Ақтөбе қаласныдағы №10 орта мектеп оқушыларының ата-аналары бастауыш сынып жетекшісі Мәдина Жұмабаеваға «жақсы ұстаз» деп мінездеме беріп, ойларын ашық жеткізді.  

Кезекті сот отырысы кезінде мұғалім өзінің оқушыға қол көтермегенін, Дилнараның мінезі ауыр екенін айтты. Оқушы «басқа балаларға емес, тек маған назар аударыңыз» деп қиғылық салған . 

«Мәдина Жұмабаева Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша айыпталған болатын. Жеке айыптаушының арызы дәлелденген жоқ. М.Жұмабаеваның іс-әрекетінен қылмыстық сипат анықталмады»,- деді судья Н.Бисени.

Сот үкімі күшіне енген жоқ. Оқушының ата-анасы 15 күн ішінде аппеляциялық шағым түсіре алады. 

Соңғы жаңалықтар